русский язык
Футбол

Юсуп Шадиев: «Исламханның Еуропаға кететін уақыты келді»

Юсуп Шадиев: «Исламханның Еуропаға кететін уақыты келді»

Қазақ футболының ардагері, «Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы Юсуп Шадиев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында еліміздің бірқатар жас футболшыларын мақтады.

«Соңғы уақытта Георгий Жуковтың ойыны ұнап жүр. Өте мықты, талантты ойыншы. Еуропа футбол мектебінде тәлім алғаны көрініп тұр. Өзімен жасты ойыншылардан әлдеқайда жақсы ойнайды. Жасы небәрі 19-да. Исламханнан да мықтырақ деп ойлаймын.

Исламхан – мықты футболшы. Оған біраз уақыт қажет. Бауыржан үшін Ресейге немесе Еуропаға кеткен дұрыс болар еді.

Абай Айымбетовтың қарқыны күшті. Былтыр жарақат алған болатын. Әйтсе де, соңғы ойындарды тыңнан алаңға қосылып өз командасына көмектесіп жүр», - деді Юсуп Аллаудинұлы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;