Командалық

Волейболдан әйелдер құрамасы АҚШ-қа аттанып кетті

Волейболдан әйелдер құрамасы АҚШ-қа аттанып кетті
news-banner7
mobile-news-top

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 3-5 тамыз аралығында АҚШ-тың Шривпорт-Боссье (Луизиана штаты) округінде өтетін олимпиадалық іріктеу турниріне аттанды.

Естеріңізге сала кетейік, құрлықаралық олимпиадалық іріктеу турнирі, оған FIVB рейтингі бойынша 6 топқа бөлінген 24 үздік ұлттық құрамалар қатысады, ойындар әр елдерде бір уақытта өтеді. Рейтингте 23-орында тұрған Қазақстан АҚШ, Аргентина және Болгария құрамаларымен бір топта ойнайды. Бұл командалар рейтингте бізден әлдеқайда жоғары тұр.

3-тамызда біздің құрамамыз алаң иелерімен, 4-тамызда Аргентинамен және 5-тамыз күні Болгария құрамасымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер