Күрес

Польшадағы турнирге қатысатын құрам белгілі болды

Польшадағы турнирге қатысатын құрам белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Польшада өтетін «Poland Open» турниріне қатысады.

Бас бапкер Нұрлан Аманғосовтың пікірінше, аталған турнир әлем чемпионаты қарсаңындағы маңызды дайындық кезеңдерінің бірі болмақ.

«Елімізде өтетін лицензиялық әлем чемпионатына азғантай уақыт қалды. «Poland Open» турнирі әлемдік дода қарсаңындағы соңғы халықаралық турнир. Осы бәсекеде қыздардың дайындығын тағы бір тексереміз. Жарыстан оралған соң команда мүшелері Сочи қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жаттығу жиынына Ресей құрама командасы да қатысады. Ресейдегі жиын 10-25 тамыз аралығына жоспарланған. Кейін Нұр-Сұлтанда жаттығу жиынының екінші кезеңін өткізіп, әрі қарай әлем чемпионатына қатысамыз», - деді бас бапкер.

«Poland Open» турниріне қатысатын балуандар тізімі:

50 келі: Валентина Исламова, Светлана Анкичева

53 келі: Татьяна Ахметова, Марина Закшевская

57 келі: Эмма Тисина, Алтынай Сатылған

59 келі: Мәдина Бақбергенова

62 келі: Аяулым Қасымова, Айна Теміртасова

68 келі: Ирина Казюлина, Екатерина Ларионова

72 келі: Жәмила Бақбергенова

76 келі: Эльмира Сыздықова, Гүлмарал Еркебаева

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер