Сейдахмет: «Хапоэльдің» қақпасына гол соғуды армандаймын

Сейдахмет: «Хапоэльдің» қақпасына гол соғуды армандаймын
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» жас ойыншыларының бірі Еркебұлан Сейдахмет клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында өтетін «Хапоэльге» қарсы матч туралы пікір білдірді.

- Еркош, «Хапоэльге» қарсы матч алдында көңіл-күйің қалай?

- Төтеп беруге дайындалып жатырмыз! Бапкер маған өзімді көрсетуге мүмкіндік береді деп үміттенемін. Осы матчта алаңға шығып, «Хапоэльдің» қақпасына гол соғуды армандаймын. Бізге жеңіс қажет! Барлық «қайраттықтар» келесі кезеңге өткенімізді қалайды. Бейсенбі күні стадион лық толады деген үміттемін. Жанкүйерлер - біздің он екінші ойыншымыз. Жақсы қолдау гол соғуға көмегін тигізеді.

- «Қайраттың» дайындық үрдісіне бой үйреттің бе?

- Иә, барынша дайындалуға тырысамын. «Уфа» мен «Левскиге» қарағанда мұнда қарқынды жаттығамыз. «Қайратта» көп жаттығу жасаймыз, онымен қоса дайындық барысы қызық өтеді. Көп дайындалған сайын қызықты жаттығуларды көп көресіз. Бізде Еуропадағы ең үздік базалардың бірі бар. Қажет дегеннің бәрі бар: сауна, бассейн, криокамера, массаждың түр-түрі. Футболшылар бабына тез келеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер