Командалық

Азия кубогы іріктеу кезеңінің жарыс кестесі бекітілді

Азия кубогы іріктеу кезеңінің жарыс кестесі бекітілді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық баскетбол федерациясы Азия кубогы алғашқы іріктеу кезеңінің жарыс кестесін бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы F тобына Шри-Ланка, Палестина және Иорданиямен кездеседі.

Бірінші ойын апталығы 2020 жылдың ақпан айына жоспарланған. Екі кездесу де өз алаңызмызда өтеді. Қарсыластарымыз Палестина (21 ақпан) мен Иордания (24 ақпан).

Екінші ойын апталығы 2020 жылдың қарашасында. Қазақстан құрамасы сырт алаңда 26 қарашада Шри-Ланкамен, ал 29 қарашада Палестинамен ойнайды.

Үшінші ойын апталығы 2021 жылдың басында болады. 19 ақпанда сырт алаңда Иорданиямен, ал 22 ақпанда өз алаңымызда Шри-Ланкамен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер