русский язык
Футбол

Владимир Газзаев: «Мүмкіндіктерді іске асыра алмасаң жеңу өте қиынға соғады»

Владимир Газзаев: «Мүмкіндіктерді іске асыра алмасаң жеңу өте қиынға соғады»

Ел чемпионы «Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Газзаев Чемпиондар Лигасының «Легияға» қарсы алғашқы матчында оның командасының мүмкіндіктерді іске асыруда көп қателік жібергенін айтты.

«Алғашқы кездесуде бізге кейбір жерлерде сәттілік жетіспеді. Бірақ, мұның бәрін жаттығу кезінде жекелей және командалық түрде дайындап жатырмыз. Алдағы кездесуде осы жаттығуымыз жемісін беріп, мүмкіндіктерімізді мүлт кетірмейміз деп үміттенемін. Тәртіпті, ұйымдасқан, мықты футболшылары бар командаға қарсы ойында оның қақпасының алдында қанша көп гол соғатын мүмкіндіктер туындатып, оны пайдалана алмасаң жеңуің неғайбыл. Тек қана «Легияға» қарсы кездесуде емес, «Стяумен» өткен қарымта матчта да біз өз мүмкіндіктерімізді іс жүзінде іске асыра алмадық. Бірақ біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деді Газзаев «Ақтөбе» клубының ресми сайтына.

Естеріңізге сала кетейік, «Легия» мен «Ақтөбе» арасындағы қарымта кездесу Польшада өтеді.

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;