Күрес

Әлем чемпионатына қатысатын кадеттер анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Болгария астанасы Софияда бүгін кадеттер арасында күрестен әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше бапкерлер штабы еркін күрестен команданың құрамын жариялады. Дәстүрге орай, жас балуандар соңғы дайындық жаттығуларын екі жыл бұрын Алматыда ашылған Еркін күрес академиясының базасында өткізді. «Әлем чемпионаты, биылғы жарыстардың басты сайысы. Оған біздің команда тас-түйін болып отыр. Дайындығымызды пысықтау үшін Еркін күрес академиясының базасында бүкіл жағдай жасалған. Ол үшін Қазақстанның Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының басшылығына алғыс білдіремін», - дейді Қазақстан құрамасының аға бапкері Еркебұлан Кешубаев.

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Софияда өтетін кадеттер арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы мына құрамын алып барды: Еламан Амангелді (45 кг), Нұрдәулет Базарбаев Нұрдәулет (48 кг), Жохангир Ахмаджанов (51 кг), Жәнібек Иманжан (55 кг), Ақниет Төлегенов (60 кг), Олжас Олжақанов (65 кг), Нұрдәулет Қуанышбай (71 кг), Бекзат Аманғали (80 кг), Бекзат Тәжи (92 кг), Ислам Тагиров (110 кг).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер