Грек-рим күресі

Минскідегі халықаралық турнирде балуандар үш қола еншіледі

Минскідегі халықаралық турнирде балуандар үш қола еншіледі
news-banner7
mobile-news-top

Минскіде грек-рим күресінен өтіп жатқан Олег Караваев мемориалында қазақстандық балуандар үш медаль жеңіп алды.

63 келіде белдескен Мейрамбек Айнағұлов, 72 келідегі Мейіржан Шермаханбет және 97 келіде күрескен Ерұлан Ысқақов турнирдің қола жүлдегері атанды.

Бүгін Данияр Қаленов (67 келі) қола жүлде үшін күрессе, Ибрагим Магомедов (77 келі), Бауыржан Мусин (87 келі) және Дамир Күзембаев (130 келі) жұбаныш белдесуінде бақ сынайды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер