Қазақстандық боксшы Мексика жерінде жеңіліс тапты
![Қазақстандық боксшы Мексика жерінде жеңіліс тапты](https://prosports.kz/upload/news/content/201131_ef5652fe0090d828d18eed9c3f077401.jpg?t=1564295362?v=28656128)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Аида Сатыбалдинова (5-1-1, 2 КО) мексикалық Дайанна Гонсалеске (3-2, 2 КО) қарсы жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Мексиканың Тихуан қаласында өткен кеште Аида Сатыбалдинова қарсыласына төрешілердің шешімімен есе жіберді.
Бұл қазақстандық боксшы қыздың масабындағы екінші жеңілісі.