русский язык
Теннис

Елена Рыбакина Юрмала турнирінің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық Елена Рыбакина Юрмала (Латвия) WTA турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 65-ракеткасы Е.Рыбакина екінші айналымда рейтингте 74-сатыдағы америкалық Бернарда Перамен күш сынасты. Матчты сәтті бастаған қазақстандық теннисші бірінші партияны өз есебіне жазды – 6:4. Әйтсе де содан кейін қарсыласына 0:6, 2:6 есебімен есе жіберді. Бәсеке 1 сағат 37 минутқа созылды.

Осылайша Е.Рыбакина жүлде қоры 250 мың еуро болатын Юрмала турнирінің ширек финалына шыға алмай қалды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;