Жеңіл атлетика

Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

news-banner7
mobile-news-top

26-28 шілде күндері Алматының Орталық стадионында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді.

Үш күнге созылатын жарыста спортшылар жеңіл атлетиканың 20 түрінен бақ сынап, ерлер мен әйелдер арасындағы эстафета жеңімпаздарын анықтайды.

Ел біріншілігіне қатысуға 160 адам өтінім берді. Олардың ішінде 103 ер адам, 57 әйел адам бар. Турнирге еліміздің барлық аймағынан, сондай-ақ, Тәжікстаннан спортшылар қатысады.

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның ең алғашқы чемпионаты 1992 жылы өтті.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер