Бокс

Дадашев – Матиас жекпе-жегіне қатысты тергеу жүргізіледі

Дадашев – Матиас жекпе-жегіне қатысты тергеу жүргізіледі
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-тың Атлетикалық комиссиясы (MSAC) ресейлік боксшы Максим Дадашев пен пуэрторикалық Сабриэль Матиастің жекпе-жегіне қатысты тергеу жүргізеді.

«Максим Дадашевтің қазасы MSAC өкілдерінің қабырғасын қайыстырды. Спортшының отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Мэрилендтің атлетикалық комиссиясы бұл істі қарайды», – делінген The Washington Post-та жарияланған мәлімдемеде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Дадашев Матиаспен болған жекпе-жектен соң есінен танып қалып, оған операция жасалған. Өкінішке қарай, дәрігерлер боксшының өмірін сақтап қала алмады. Былғары қолғап шеберінің денесі жақын арада Ресейге жеткізіліп, 28 жастағы спортшы Петербургте жерленеді.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер