Велоспорт

Тур де Франс: Алексей Луценко жалпы есепте 25-ші орында

news-banner7
mobile-news-top

«Тур де Франс» көпкүндігінің 16-кезеңі «Астана» велокомандасы үшін сәтсіз аяқталды.

Ним қаласында өткен 16-кезеңнің мәре сызығына 28 шақырым қалғанда «Астана» велокомандасының капитаны Якоб Фульсанг спортшылардың қақтығысынан жарақат алып, жарысты мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.

Бұл кезеңге дейін Фульсанг жалпы есепте тоғызынша орында келе жатқан еді. Ал қазіргі жағдайда «Астана» велокомандасынан ең үздік нәтиже Алексей Луценкоға тиесілі. Отандасымыз жалпы есепте 25-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер