русский язык
Бокс

Рубио: «Головкинді жеңу үшін барлық стратегияны қолдануымыз керек»

Рубио: «Головкинді жеңу үшін барлық стратегияны қолдануымыз керек»

WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио Геннадий Головкинді жеңу үшін не керек екенін айтты, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».

«Головкинді жеңу үшін бокстағы барлық стратегияны қолдануымыз керек. Кездесудегі ең басты фактор физикалық дайындық болмақ. Бірінші кезекте кездесу туралы, сосын барып одан кейін не боларын ойлаймын. Жеңіске жету үшін жүз пайыз дайын болуым керек», - деді Рубио.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Рубио арасындағы кездесу 18 қазанда Калифорнияда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;