Дзюдо

Дзюдошыларымыз Гран-при жарысына қатысады

Дзюдошыларымыз Гран-при жарысына қатысады
news-banner7
mobile-news-top
Ертең Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі басталады. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасынан 11 дзюдошы өнер көрсетеді.
Ерлер арасында Дәурен Сүйеукенов (60 келі), Ғұмар Қырғызбаев (66 келі), Жансай Смағұлов, Ақылбек Серік (73 келі), Руслан Мусаев (81 келі), Айбек Серікбаев (100 келі) және Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) белдеседі.

Ал қыздар арасында Отгонцэцэг Галбадрах (48 келі), Севара Нышанбаева (57 келі), Назгүл Құбашева (63 келі) және Зарина Райфова (78 келі) сынға түседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер