Нысана көздеу мен стенд атудан республикалық жарыс басталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызНұр-Сұлтанда стенд атудан Қазақстан кубогінің үшінші кезеңі басталды. Осы жарыспен қатар нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты да өтуде.
Нысана көздеуден жасөспірімдер додасына еліміздің алты аймағынан 75 спортшы қатысуда. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облысының жас мергендері ел чемпиондығына таласады.
Ал стенд атудан Қазақстан кубогінің үшінші кезеңіне 130 спортшы қатысып жатыр. Стенд атушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда және Павлодар облыстарынан жиналған.