Басқа

Нысана көздеу мен стенд атудан республикалық жарыс басталды

news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда стенд атудан Қазақстан кубогінің үшінші кезеңі басталды. Осы жарыспен қатар нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты да өтуде.

Нысана көздеуден жасөспірімдер додасына еліміздің алты аймағынан 75 спортшы қатысуда. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облысының жас мергендері ел чемпиондығына таласады.

Ал стенд атудан Қазақстан кубогінің үшінші кезеңіне 130 спортшы қатысып жатыр. Стенд атушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда және Павлодар облыстарынан жиналған.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер