«Қайсарға» камерундық ойыншы ауысып келді

«Қайсарға» камерундық ойыншы ауысып келді
news-banner7
mobile-news-top

Қызылордалық «Қайсар» камерундық жартылай қорғаушы Кларенс Битангпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің ақпаратына сенсек, ойыншымен келісімшарт осы маусымның соңына дейін жасалған. Алайда виза мәселесіне байланысты Кларенс жаңа командасына алдағы турдан кейін ғана қосыла алады.

26 жастағы футболшы өткен маусымда Солтүстік Македонияның «Вардар» клубында өнер көрсетті. Аталған елдің чемпионатында 42 матчқа қатысып, 3 нәтижелі пас шығарды.

Кларенс Битанг
(Clarence Junior Bitang)
Алаңдағы орны: Жартылай қорғаушы
Соңғы клубы: «Вардар» Скопье
Азаматтығы: Камерун
Туған күні: 02.09.1992
Жасы: 26
Бой биіктігі: 168 см

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер