Жиру үш айдай «Арсеналға» көмектесе алмайды
![Жиру үш айдай «Арсеналға» көмектесе алмайды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1409057181_52263632.jpg?v=28703784)
Премьер-лигадағы «Эвертонға» қарсы матчта жарақат алып қалған «Арсеналдың» шабуылшысы Оливье Жиру үш айдай алаңға шықпауы мүмкін.
«Канонирлерді» жеңілістен құтқарып қалған Жирудің 90-минутындағы голы кезінде (матч 2:2 есебімен аяқталды) шабуылшы тобығын ауыртып алды.
Егер тексеріс кезінде тобығы сынғаны анықталса, футболшыға айығу үшін үш айдай уақыт керек, деп хабарлайды Sky Sports агенттігі.