Әлем футболы

Роналду зорлау ісі бойынша айыпталмайтын болды

Роналду зорлау ісі бойынша айыпталмайтын болды
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдудан америкалық әйел Кэтрин Майоргиді зорлады деген айып алынып тасталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

АҚШ прокуратурасы ойыншының кінәсін дәлелдейтін айғақ жеткіліксіз болғандықтан Криштиануға қарсы іс қозғамайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 28 қыркүйекте немістің Der Spiegel басылымы Роналдудың 34 жастағы Майоргиді зорлағаны туралы оқиғаны жариялады,

Қыздың өзі Роналду оны 2009 жылы 13 маусымда Лас Вегастағы қонақүйде зорлады деп мәлімдеген болатын.

2010 жылы ол португалиялық ойыншының өкілдерінен осы ақпаратты жарияламау үшін 375 мың доллар алған көрінеді. Бірақ 2018 жылдың қыркүйегінде ол футболшыға қайтадан айып тақты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер