Бокс

Мейірім Нұрсұлтанов Ковалев – Ярд жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетеді

Мейірім Нұрсұлтанов Ковалев – Ярд жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (11-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com сайтының мәліметінше, Нұрсұлтанов 24 тамызда Челябинскіде өтетін бокс кешінің андеркардында жұдырықтасады. Қарсыласы қазірше белгісіз.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Сергей Ковалев (33-3-1, 28 KO) пен британиялық Энтони Ярд (18-0, 17 КО) WBO чемпиондық белдігін сарапқа салады.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтановтың мүддесін Сергей Ковалевтің менеджері Егис Климас пен Main Events компаниясы қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер