«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы «Қызылжарға» қайта оралды

news-banner7
mobile-news-top

Петропавлдық «Қызылжар» шабуылшы Момоду Сисейдің команда қатарына қайта қосылғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Гамбиялық ойыншы өткен маусымда солтүстікқазақстандық клубта өнер көрсеткен. Ол кезде Премьер лигада 14 ойын өткізіп, 3 гол соққан еді. Ал биылғы маусымды павлодарлық «Ертіс» сапында бастап, 9 матчқа қатысты.

30 жастағы шабуылшы бұдан бөлек, «Уоллидан» (Гамбия), «Грассхоппер» (Швейцария), «Челси» (Англия), «Вестерл» (Бельгия), «Жилина» (Словакия), «Қайрат» (Алматы), «Маккаби» (Израиль), «Кеми Кингс» (Финляндия) командаларында доп тепті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер