«Қайрат» Еуропа лигасының үшінші кезеңіндегі қарсыласын білді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАлматылық «Қайрат» Еуропа лигасының үшінші кезеңіндегі ықтимал қарсыласы анықталды.
«Қайрат» екінші кезеңде бершавалық «Хапоэльден» өтсе, плей-офф кезеңінің жолдамасына «Норрчепинг» (Швеция) — «Лиепая» (Латвия) жұбының жеңімпазымен таласады.
Еске сала кетейік, отандық команда «Хапоэльға» қарсы алғашы кездесуді 25 шілде күні Израильде өткізеді. Қарымта ойын тамыздың 1-і күні Алматыда өтеді.