Әлем футболы

Роналдумен кездесу үшін алаңға жүгіріп шыққан бала мен әкесі ескерту алды

Роналдумен кездесу үшін алаңға жүгіріп шыққан бала мен әкесі ескерту алды
news-banner7
mobile-news-top

Алтын доп иегері Криштиану Роналдумен кездесу үшін алаңға жүгіріп шыққан қазақстандық жанкүйер Ахмади Ержанов пен оның әкесі Сингапур құқық қорғаушылары тарапынан жаза алды.

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Бүгін Ювентус пен Тоттенхэм арасындағы матч барысында қазақстандық 14 жастағы жанкүйер Ахмади Ержанов футбол алаңына жүгіріп шығып, Роналдумен суретке түскен. Бұл әрекеті үшін ол әкесімен бірге жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Сингапурдағы заң талаптарының қаталдығын ескерсек, балаға қомақты айыппұл салынуы тиіс болатын. Осы оқиғадан құлағдар болған консул полиция бөлімшесіне келді. Ұсталған азаматтар ағылшынша білмегендіктен, оларға ағылшынша көмек көрсетілді. Нәтижесінде іс материалдары прокуратураға беріліп қойса да Сингапурдағы консул полиция өкілдеріне жағдайды түсіндірді. Соның арқасында жасөспірім айыппұл төлемей, тек ескерту алды. Ахмади – жолы болғыш жігіт», - деді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ өкілі қазақстандық азаматтар қиын жағдайға тап болса, бірден консулға жүгінуді ескертті.

«Егер осындай жағдай туындай қалса, қазақстандық азаматтарға міндетті түрде қазақстандық консулмен тілдесу керектігін ескертеміз. Алайда, шетелдегі заң талаптарын бұзбауға шақырамыз», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Қазақ баласы Роналдумен бірге алаң жиегінде ойынды тамшалады

Алаяқтарға алдандым - Роналдумен суретке түскен баланың әкесі

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер