Эсеола - осы маусымда қонақта ең көп гол соққан футболшы

Эсеола - осы маусымда қонақта ең көп гол соққан футболшы
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» шабуылшысы Адеринсола Эсеола осы маусымда Қазақстан Премьер-лигасының матчтарында қонақта ең көп гол соққан футболшы.

Украиналық шабуылшы 12 голымен мергендер көшін де бастап тұр.

Эсеола Ақтөбеде, Атырауда, Көкшетауда және Қостанайда бір-бір голдан соққан. Сондай ақ, Нұр-Сұлтанда өткен «Шахтерға» қарсы 12-тур ойынында дубль авторы атанып, командасына жеңіс сыйлаған. 6 голды қонақта, 6 голды өз алаңында соққан екен.

Айта кетейік, ҚПЛ-дың мергендер тізімінде еншісінде 10 нәтижелі соққысы бар «Қайраттың» тағы бір шабуылшысы Мартон Эппель екінші орында тұр. 9 голдан олжалаған астаналық Марин Томасов пен «Ордабасының» футболшысы Жоао Пауло үштікті қорытындылап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер