Жеңіл атлетика

Қарағандыда триатлоннан ел спартакиадасы аяқталды

Қарағандыда триатлоннан ел спартакиадасы аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандыда триатлоннан Қазақстанның V жазғы Спартакиадасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі анықталды.

Турнирге Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарынан алты команда қатысты. Ел Спартакиадасында командалар алғаш рет аралас сыннан жеңімпаздарды анықтады.

Әр команда екі әйел және екі ер адамнан жасақталған. Олар жүзуден 250 метрге, веложарыстан 6,6 шақырымға, жүгіруден 1600 метрге жарысты.

Турнир қорытындысы бойынша Надежда Бекмағанбетова, Аян Бейсенбаева, Ашраф Камалова және Мейірлан Ысқақовтардан құралған Ақмола облысы топ жарды. Олар 1 сағат 29 минут және 13 секундта жарысты аяқтады.

Екінші орынды Шымкент командасы иеленді. Команда сапында Бибіжан Қалдыханова, Зубцов, Хафиза Гултураева және Семен Пивоваров бар.

Үздік үштікті Түркістан облысының командасы (Милена Саприна, Медет Нұрғалиев, Аружан Аманжолова, Ерасыл Аманжолов) тұйықтады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер