Басқа

Таеквондодан Азия чемпионатында қоржынға екі қола түсті

Таеквондодан Азия чемпионатында қоржынға екі қола түсті
news-banner7
mobile-news-top

Иорданияның Амман қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Құрлықтық додаға 28 мемлекеттен келген 385 спортшы қатысуда. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар.

Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды. 52 келідегі Балнұр Спабек пен 68 келідегі Нұрриза Тұрарова жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.

Сондай-ақ, төрт спортшымыз алғашқы бестікке енді. Бүгін тағы 10 таеквондошы жарысты бастайды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер