Басқа

Көркем гимнастикадан ӘЧ: Таниева таңғалдырды

news-banner7
mobile-news-top

Мәскеуде көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы бірінші әлем чемпионаты мәресіне жетті. Әлемдік сыннан Қазақстан құрамасы да сырт қалған жоқ, деп жазады Olympic.kz.

Эльжана Таниева секіртпемен жаттығуда финалға жолдама алып, жүлдеге қол созым жерден тоқтады. Ол 14.200 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. Бұл сында жүлделі үш орынды Ресей, Италия және Әзербайжан спортшылары иеленді.

Доппен жаттығуда финалға өткен Сабина Бакатова 17.750 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады. Бұл жаттығуда Ресей, Әзербайжан және Израиль спортшылары өзара жүлде бөлісті. Топтық жаттығудан көпсайыс қорытындысы бойынша Қазақстан 18-ші орын алды. Ал командалық сында біздің спортшылар 13-ші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер