Бокс

Тұрсынбай Құлахмет: Жекпе-жектер оңайға соқпады

Тұрсынбай Құлахмет: Жекпе-жектер оңайға соқпады
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Астанада өткен Президент кубогында Тұрсынбай Құлахмет 75 келіде қарсылас шыдатпай, турнир жеңімпазы атанды.

«Президент кубогы турниріне осымен екінші рет қатысып отырмын. Осыдан бір жыл бұрын да дәстүрлі турнирде бақ сынаған едім. Биыл жеңімпаз атанудың сәті түсті. Турнирде өткізген төрт жекпе-жек те оңай болған жоқ. Әсіресе, финалдық бәсекенің қиын соққаны рас. Дегенмен, өз жеріміздегі додада намысқа тырысып, бар шеберлігімді салдым. Менің салмағымда біраз мықты спортшылар өсіп келеді. Олардың ешқайсысын бөліп-жармаймын. Бірақ бәсекелестіктің жоғары екенін мойындау керек. Көпшілік жанкүйер Әбілхан Аманқұл екеуміздің кездескенімізді қалады. Өкінішке қарай, Әбілхан кубоктық дода қарсаңында жарақат алып, жарысқа қатысқан жоқ. Әбілхан болмаса да, басқа қарсыластармен жұдырықтасу оңайға соқпады мен үшін», - дейді Тұрсынбай Құлахмет.
Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер