Теннис

Бублик Ньюпорт турнирінде Изнерден ұтылды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ньюпорттағы ATP турнирінің финалында жеңіліп қалды. Отандасымыз финалда әлемнің 15-ракеткасы, америкалық Джон Изнермен күш сынасты. Бірінші партияда есеп 5:5 болғанда Бублик брейк жасап, алға шықты. Бірақ басымдықты сақтай алмады – 7:6.

Екінші сетте есеп 2:2 болғанда, Изнер брейк жасап кетті. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3. Осылайша Александр Бублик ATP турнирінің финалында ұтылып, үлкен табыстан қағылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер