19-тур несімен есте қалады

19-тур несімен есте қалады
news-banner7
mobile-news-top

Премьер-лига командалары арасындағы 19-тур ойындары аяқталды.

Жарыс кестесінде соңғы орында келе жатқан «Ақтөбе», «Тараз» және «Атырау» командалары жеңіске жетті.

«Тараз» өз алаңында «Жетісу» командасын қабылдады. 50-минутта «Тараздың» бразилиялық шабуылшысы Эливелто алғашқы голды соқты. 94-минутта «Жетісу» ойыншысы Никита Наумовтың қателігін шебер пайдаланған Абзал Таубай қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Тараз» сегіз ойыннан кейін жеңіске жетті.

Бұл турды «Атырау» мен «Ордабасы» командалары қорытындылады. «Атырау» шабуылшысы Исламнұр Абдулавов 74-минутта өз командасына жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, соңғы орында келе жатқан «Ақтөбе» сырт алаңда «Қайсарды» 1:0 есебімен тізе бүктірді. «Қайрат» сырт алаңда «Тобылды» 5:3 есебімен жеңсе, «Шахтер» өз алаңында «Оқжетпесті» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер