Бокс

Василий Левит: Өз ойлағанымның 60 пайызы ғана жүзеге асты

Василий Левит: Өз ойлағанымның 60 пайызы ғана жүзеге асты
news-banner7
mobile-news-top

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында бокстан Президент кубогі халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс жеңімпаздарының арасында 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левит те бар.

«Өкінішке қарай, ойымдағыны түгелдей жүзеге асырудың реті келмеді. Ойлаған жоспарымның 60 пайызы ғана іске асты. Толық бабыма енген жоқпын. Бапкерлермен бірге атқаратын жұмыс көп. Әрі қарай жаттығамыз», - деді Левит финалдан соң.

Василий Левит турнирдің ақтық сынында жас боксшы Айбек Оралбайды жеңді.

Қазақстан командасы жарысты 18 жүлдемен аяқтады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер