Қостанайдағы камбэк: «Қайрат» сырт алаңда «Тобылды» жеңді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Премьер лигасының 19-шы туры аясында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Қайратты» қабылдады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Аса тартысты кездесу 3:5 есебімен аяқталды.

Алаң иелері бірінші тайм ортасына дейін есепті 2:0-ге жеткізген еді. Алайда, қонақтар қайсарлық танытты. Әсіресе екінші таймдағы тынымсыз шабуылдардың арқасында аса маңызды үш ұпайға қол жеткізді.

19-шы тур ҚПЛ.

«Тобыл» - «Қайрат» - 3:5 (2:1)

Гол соққандар: Жулпа 14, Федин 31, Себаи 83 - Сейдахмет 45+1, Эппель 74, 79, Эсеола 82, Исламхан 87 (пенальти)

«Тобыл»: Эмиль Балаев (Қ) - Руслан Валиуллин, Виктор Дмитренко, Фернандер Кассай, Витаутас Андрюшкявичюс, Дмитрий Мирошниченко - Артурас Жулпа, Джаба Канкава, Ника Квеквескири - Азат Нургалиев (К), Максим Федин;

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Гафуржан Суюмбаев, Раде Дугалич, Сергей Политевич, Еркебұлан Тұңғышбаев - Исламбек Куат, Рамазан Оразов, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Еркебұлан Сейдахмет - Мартон Эппель;

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер