Басқа

Дархан Асаділов Маусым айының үздік спортшысы атанды

Дархан Асаділов Маусым айының үздік спортшысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Каратеден Қазақстан командасының мүшесі Дархан Асаділовке «Маусым айының үздік спортшысы» жүлдесі арнайы табысталды.

Арнайы жүлдені Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті спорт Дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов табыстады. Дархан өз жүлдесіне Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионаты барысында қол жеткізді.

Дирекция басшысы құрама команда үздігі Дархан Асаділовке жаңа биіктерді бағындыруды тіледі.

Маусым айының үздігі атануға Дарханмен бірге тағы бес спортшы үміткер болды. Олар: садақ атудан Қазақстан командасы, Дмитрий Баландин, Милад Карими, Адиля Тілекенова, Руслан Курбанов.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Дархан Асаділов 40.42 пайыз жинап, үздік атанды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер