Басқа

Триатлоннан Қазақстан чемпионаты Павлодарда өтеді

Триатлоннан Қазақстан чемпионаты Павлодарда өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Триатлоннан Қазақстан чемпионаты Павлодарда қаласында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Чемпионат екі күнге созылады. 24 тамызда кәсіпқой спортшылар, 25-інде - әуесқойлар сынға түседі.

Қатысушылар 1500 метрді жүзіп, 40 шақырымды велосипедпен және 10 шақырымды жүгіріп өтулері тиіс.

Чемпионатқа қатысу ақылы негізде болмақ. Федерациядан лицензия алғандар үшін қатысу 10 мың теңге, ал ондай құжаты жоқтарға – 14 мың теңге төлеуге тура келеді. Оған медициналық сақтандыру, қатысушының қапшығы енеді.

Қатысушыларды тіркеу 2019 жылдың 20 тамызында аяқталады. Қатысушылар өзімен бірге велосипед пен шлем ала келу керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер