Бокс

Қазақстандық боксшы мансабында алғаш рет жеңілді

Қазақстандық боксшы мансабында алғаш рет жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Темірлан Райымқұлов (2-0-2) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kzсайты.

28 жастағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы 20 шілдеде ресейлік Геленджик қаласында өтетін бокс кешіне қатысты. Жерлесіміздің қарсыласы швециялық Шади Гамхур (10-0, 8КО) болды.

7-ші раундтың аяғында қазақстандық боксшының қабағы жыртылып, қан тоқтамай қойды. Дәрігерлер отандасымызды шаршы алаңға шығуына рұқсат бермеді, ал төрешілер жеңіске Гамхур лайықты деп тапты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер