русский язык
Хоккей

Олег Болякин: «Ел біріншілігінде үздік төрттіктен көрінгіміз келеді»

Олег Болякин: «Ел біріншілігінде үздік төрттіктен көрінгіміз келеді»

Хоккейден Қазақстан Кубогы аясында өткен «Арыстан» мен «Алматы» ХК арасындағы кездесуден кейін баспасөз мәслихаты болып өтті.

 

«Алматы» ХК бас бапкері Олег Болякин:

- Ойын мен нәтиже толыққанды көңілімнен шықты. Жігіттер соңына дейін жігерлік танытып, жарыс иелерін жеңді. Ел біріншілігіне келер болсақ, маусым соңында үздік төрттіктер қатарынан көрінгіміз келеді. Кубокта финалға шығып, бас жүлде үшін күресу. Алғашқы ойыннан кейін командамның күшіне одан ары сендім. Жұмыс істейміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;