Басқа

Руслан Курбанов: Командалық жарыста жүлде алуға тырысамыз

Руслан Курбанов: Командалық жарыста жүлде алуға тырысамыз
news-banner7
mobile-news-top

Семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Курбанов шпагашылар сынында ширек финалға дейін сүрінген жоқ. Жартылай финал жолдамасы үшін тартысты кездесуде Курбанов украиналық қарсыласынан үш ұпай айырмашылығымен ұтылды.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген Руслан Курбанов Игорь Рейзлинмен өткен кездесуді қорытындылады.

«Бұл әлем чемпионаты мен үшін сәтті өтті. Алайда, қазіргі эмоциям әлі де түсініксіз. Былай қарасаң, нәтиже жаман емес. Бірақ медаль жоқ. Биылғы маусым мен үшін сәтті өтіп жатыр деп те айта алмаймын. Мен үшін 2017 жылдың орны ерекше. Өйткені, сол жылы Азия чемпионы атанып, әлемдік сында 16-шы орынға тұрақтадым. Десе де, екі маусым да бір-біріне ұқсайды. Негізі, медаль алуды жоспарлағаным рас. Жүлде алу қиын болса да, талпындым. Рейзлинмен өткен кездесудің соңғы жағында сыр беріп, эмоцияға ерік бердім. Мұндай сәттерде қызуқанды болған дұрыс. Енді командалық жарысқа дайындалу қажет. Жақсылап демалып, командалық жарыста жүлде алу үшін тырысу керек», - дейді Руслан Курбанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер