русский язык
Бокс

Рубио: « Головкинмен жұдырықтасу – спорттық мансабымдағы басты оқиға»

Рубио: « Головкинмен жұдырықтасу – спорттық мансабымдағы басты оқиға»

WBC уақытша чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио даңқты чемпион Геннадий Головкинмен қолғап түйістіретіне қуанышты екенідігін мәлімдеді, деп хабарладйы Championat.com.

«Егер де сен чемпион бола тұрып, ең мықты боксшылармен жұдырықтаспағаның жарамайды. Мен чемпион болмай тұрып, даңқты боксшылармен жекпе-жекке шыққан болатынмын. Енді міне, чемпион болғаннан кейін, мықты боксшылармен төбелесуден қашқақтамай, керісінше оларға қарсы шығуың керек. Мен Головкинмен жұдырықтасқым келеді

Менімен жұдырықтасқысы келетіндердің бетін қайтармаймын. Бұны айтып қана қоймай, іс жүзінде дәлелдеу қажет. Мен даңқты чемпионға қарсы шаршы алаңға шығатыныма өте қуаныштымын. Бұл менің спорттық мансабымдағы басты оқиға», - деді Рубио Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;