Бокс

DAZN Головкинге үш боксшы ұсынды

DAZN Головкинге үш боксшы ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің хабарлауынша, DAZN қазақстандық Геннадий Головкиннің қыркүйектегі жекпе-жегіне ықтимал қарсыластарды анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Стриминг сервисі үш қарсылас тапқан – украиналық Сергей Деревянченко, мексикалық Хайме Мангуя мен жапониялық Риота Мурата.

Головкиннің Деревянченкомен жұдырықтасу мүмкіндігі көбірек. Егер IBF белбеуі бос қалса, оны украиналық пен қазақстандық боксшылар сарапқа салады.

Айта кетейік, Головкиннің Сауль Альвареспен жекпе-жегі кейінге қалды. Мексикалық боксшы қыркүйектегі жекпе-жектен бас тартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер