Бокс

Пакьяо мен Турман салмақ өлшеді

Пакьяо мен Турман салмақ өлшеді
news-banner7
mobile-news-top

Ертең таңда Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта WBA Super чемпионы Кит Турман мен WBA Regular белбеуінің иегері Мэнни Пакьяо кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Боксшылар жекпе-жек алдында салмақ өлшеді. Бір қызығы, екі боксшы да бірдей салмақ көрсетті – 66,4 келі.

Айта кетейік, екі боксшы үшін де бұл 2019 жылдағы екінші жекпе-жек болады. Бұған дейін Пакьяо Эдриен Бронерді төрешілер шешімімен жеңген. Ал Турман ауыр кездесуде Хосесито Лопесті ұтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер