русский язык
Бокс

Жартылай финалға қазақстандық үш боксшы шықты

Жартылай финалға қазақстандық үш боксшы шықты

Бүгін Қытайдың Нанкин қаласында Жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды бокс федерациясының ресми сайты.

Ерлер арасында біздің отандастарымыздың барлығы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Жастар арасынедағы әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов (60 кг) ӘЧ-2014 финалындағы қарсыласы румындық Арсен Мустафаны жеңіп шықты. Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Вадим Казаков (81 кг) норвегиялық Вегар Трегранды жеңді. Жастар арасында әлем чемпионы Шалқар Айқынбай (49 кг) түрік Мерт Қарақылышты қапы қалдырды.

Енді қазақстандық боксшылар жартылай финалда бақ сынайды. Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңда венгр Ричард Коннимен кездессе, Вадим Казаков армян Нарек Манасянмен, ал Шалқар Айқынбай әзірбайжандық Руфат Хусейновпен қолғап түйістіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;