Бокс

Усик Головкинмен бір кеште жұдырықтасуы мүмкін

Усик Головкинмен бір кеште жұдырықтасуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Александр Усик ауыр салмақтағы алғашқы жекпе-жегін 14 қыркүйекте өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Хирннің айтуынша, ол Усиктің кездесуін қазақстандық Геннадий Головкиннің бокс кешіне қосқысы келеді.

Сондай-ақ промоутер Головкин жекпе-жегінің андеркартында жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық Девин Хэйниді де қосқысы келетінін айтты.

Айта кетейік, 14 қыркүйекке жоспарланған бокс кешінде Головкиннің қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер