20 шілде 08:52

Қазақстандық футболшының клубы өз алаңында жеңілді

Қазақстандық жас ойыншы Жахонгир Ходжамов өнер көрсететін минскілік «Энергетик-БГУ» өз алаңында турнир кестесіндегі бәсекелесі «Слуцкке» есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Беларусь чемпионатының 16-тур матчы 1:0 есебімен аяқталды. Ходжамов бұл матчта негізгі құрамда ойнады.

16 турдан соң «Слуцк» Жахонгирдің командасынан үш ұпайға озып тұр. «Энергетик-БГУ» қазір 12-орында келеді.

Айта кетейік, бұл клубта тағы бір қазақстандық футболшы Владислав Васильев өнер көрсеткен еді. Ол жақында бресттік «Динамоға» ауысып кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.