Теннис

Александр Бублик АҚШ-та жартылай финалға өтті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ-тың Ньюпорт қаласында өтіп жатқан теннистен ATP санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп жазады Prosports.kz .

Отандасымыз ширек финалда жергілікті спортшы Теннис Сандгренді жеңді.

1 сағат 14 минутқа созылған кездесу 0:6, 6:3, 6:0 есебімен аяқталды.

Турнирдің ақтық сынына жолдама алу үшін Бублик испаниялық Марсел Гранольерспен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер