Әлем футболы

Африка кубогының финалы. Сенегал - Алжир

Африка кубогының финалы. Сенегал - Алжир
news-banner7
mobile-news-top

Шілденің 19-нан 20-на қараған түні елорда уақыты бойынша сағат 01:00-де Африка кубогының финалы басталады.

Финалдық бәсекеде Сенегал мен Алжир ұлттық құрамалары кездеседі. Алғашқысы, осыған дейін екі мәрте аталмыш турнирдің шешуші матчына дейін барып, екеуіңде де екінші орынды қанағат тұтқан команда. Ал Алжир болса, соңғы мәрте осыдан 29 жыл бұрын Африка құрлығының үздігі атанған.

Cенегал мен Алжир осы турнирде бір топтық кезеңде өнер көрсетті. 2-турдағы матчта екі команданың жолы түйісіп, Рияд Марез өнер көрсететін Алжир жеңіске жеткен еді. Ал, осы күнге дейін екі ұжым 20 мәрте кездескен екен. Басымдық бүгінгі номиналды қонақтарда. Олар Сенегалды 11 рет ұтқан. 5 матч тең аяқталған, тек, 4 ойында ғана Сенегал жеңіс тойын тойлаған.

Қос команданың қатарында да, әлем футболының жұлдыздары бар. Алжир АПЛ-дың өткен маусымдағы жеңімпазы Рияд Марезге сенсе, Сенегалды «Ливерпульмен» Чемпиондар лигасын бағындырған Садио Мане жеңіске жетелейді. Екі футболшы да турнирде 3 доптан тоғытыпты.

Матч Мысыр астанасы Каир шаһарындағы 75 000 адамды қабылдай алатын стадионда өтеді.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер