Бокс

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады
news-banner7
mobile-news-top

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады, деп жазады Prosports.kz, Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды.

Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер