Жеңіл атлетика

Жеңіл атлеттеріміз Беларусьтағы турнирде екі медаль жеңіп алды

Жеңіл атлеттеріміз Беларусьтағы турнирде екі медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Брест қаласында жеңіл атлетикадан Беларусь ашық кубогінің алғашқы жарыс күні аяқталып, қазақстандықтар екі медаль еншіледі.

3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Дмитрий Иванчуков күміс жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 8:51.54 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, ҚР спорт шебері нормативін орындады.

Осы қашықтыққа жүгіруден әйелдер арасындағы сында Татьяна Нерознак қола жүлдегер атанды. Татьяна Беларусь спортшыларына есе жіберген.

Сондай-ақ, Ислам Аманғос 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден, Виктория Сергеева 5000 метрге жүгіруден 5-ші орын иеленсе, Рақымжан Келманов 8-ші сатыға тұрақтады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер