Хоккей

«Барыстан» кеткен Дмитрий Гренц «Торпедо» қатарына қосылды

«Барыстан» кеткен Дмитрий Гренц «Торпедо» қатарына қосылды
news-banner7
mobile-news-top

23 жастағы Дмитрий Гренц елордалық «Барыстан» кетіп, өскемендік «Торпедо» хоккей клубының қатарын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейші «Торпедомен» бір жылдық келісімшартқа отырды.

Өткен маусымда Гренц «Барыс» сапында КХЛ-дың 25 матчына қатысқан. 3 (1+2) ұпай жинаған. Ал плей-офф кезеңінді үш мәрте мұз айдынына шығып, бір нәтижелі пас берген екен.

Сондай ақ, «Барыстың» фарм-клубы «Номадтың» қатарында Қазақстан чемпионатында 29 ойын өткізіп, 27 (12+15) ұпайды еншісіне жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер