Әлем футболы

Бельгиялық клуб келісілген матч ұйымдастырмақ болғаны үшін еурокубоктан шеттетілді

Бельгиялық клуб келісілген матч ұйымдастырмақ болғаны үшін еурокубоктан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы бельгиялық «Мехелен» командасын Еуропа лигасының 2019/20 жылғы маусымынан шеттетті.

УЕФА «Мехелен» клубының өкілдері ішкі біріншілікте келісілген матч ұйымдастырмақ болғаны үшін осындай қадамға барып отыр. УЕФА-ның апелляциялық инстанция «Мехеленді» тағылған айыпты заңды деп таныды.

Әзірге бельгиялық клубтың алдағы маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі орнын қай команданың басатыны белгісіз.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер